top of page
Без названия (1).jpg

Ақ қалпақ - эмоциясыз, таза ойлау, дұрыс ойлау. Ақ қалпақ бізге белгілі немесе қажетті ақпаратқа назар аудару үшін пайдаланылады. Әсерсіз, субъективті бағалаусыз тек сандардан, деректерден, ойлардан тұрады. Айтылған пікірді растайтын, жоққа шығаратын қандай дәлелдер мен деректер, ақпараттар бар? Мәселені шешуде жетіспейтін ақпаратты қалай аламыз?

Сары қалпақ - айқындылық пен өмірге сеніммен қарауды бейнелейді. Позитивті ойлау. Болашаққа деген үмітті көзқарас. Қарастырылып отырған құбылыстан позитивті жағын бөліп алып және неліктен позитивті екенін дәлелдеу керек. Нақты не нәрсе жақсы, пайдалы, тиімді, конструкторлық екенін айтып қана қоймай түсіндіру қажет.

Қара қалпақ - сары қалпаққа қарама - қайшы. Ненің қиын, түсініксіз, мәселе тудыратын, негативті екенін анықтап және себебін түсіндіреді.

Қызыл қалпақ - сезімді, болжамды және ішкі түйсікті білдіреді. Бұл сезімталдық қалпағы. Өзінің өзгеріс көңіл - күйін өткен немесе өзге құбылысты сәттермен байланыстырады.

Жасыл қалпақ - бұл шығармашылық ойлау қалпағы. Жаңа тақырыпты өткен кезде келесі сұрақтар: «Жаңа жағдайда жаңа әдіс, факт немесе басқа әдіс - тәсілдерді қалай қолдануға болады?» «Өзгеше болу үшін не істеу керек?», «Осындай немесе басқа аспектіні, жаңалықты енгізу үшін не істеу керек?» қою арқылы жаңа жетістіктер тауып қолдануға мүмкіндік береді.

Көк қалпақ - ойлау үдерісін басқару үшін қолданылады.
Бұл философиялық, пысықтау қалпағы.
Көк қалпақты таңдаған топ міндетті түрде барлық жұмыс уақыттарын әр түрлі екі бөлікке бөлулері керек: біріншіден - басқа топтарды аралап, олардың көзқарасын қабылдап, екіншіден - өз тобына қайта оралып, жинаған материалды пысықтайды, қорытады. Олар соңғы сөзді айтады. 

4bk8643e4b37bfch7a_800C450.jpg
logo (2).png

Білім алушының жеке сайты
Қош  келдіңіз!

76f7171e66f5cec2f64f54117a33411e.png
76f7171e66f5cec2f64f54117a33411e.png
76f7171e66f5cec2f64f54117a33411e.png
76f7171e66f5cec2f64f54117a33411e.png
76f7171e66f5cec2f64f54117a33411e.png
bottom of page